Елордалықтар жанкүйерлердің сенімін қайтару үшін, ерекше сыйлық жасауды көздеп отыр.
Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жарыстан шығып қалған елордалық «Астана» футбол клубы жанкүйерлерге қолдау білдіргені үшін, алғыс айтып, 17 тамыз, жексенбі күні өтетін «Ұлытауға» қарсы матчқа стадионға кіруді тегін етпек.
Астаналықтардың бұндай қадамы тек бір ғана матчқа ғана қатысты болмақ.
Айта кетейік, кейінгі 3 жыл бойы еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсеткен елордалықтар биыл сол жетістігін қайталай алмады.