Еурокубокте “Ақтөбеден” айласын асырған “Сараево” Конференция Лигасының кезекті ойынын өткізді

01.08.2024, 11:45

Босниялық “Сараево” Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде “Спартак” Трнава ұжымына жеңілді - 3:0, (бірінші кездесу: 0:0).

Еурокубокте “Ақтөбеден” айласын асырған “Сараево” Конференция Лигасының кезекті ойынын өткізді

«Спартак Трнава» (Словакия) – «Сараево» (Босния және Герцеговина) – 3:0 (алғашқы ойын – 0:0)

Голдар: Михал Дюриш 15, 42, Патрик Карган 94

Осылайша, “Сараево” еурокубоктегі жорығын тәмамдады. Еске салсақ, Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Босния командасы “Ақтөбеден” екі матч қорытындысы бойынша басым түскен болатын (0:1, 3:2(4:3) пенальтилер сериясынан кейін.

Трнава клубы келесі кезеңде “Ракув” - “Рапид” арасындағы Еуропа Лигасының іріктеуінде жеңілген жұптың бірімен бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол Ақтөбе
Серіктес жаңалықтары
×