Армениялық “Пюник” командасы словениялық “Целе” ұжымын минималды есеппен ұтты (1:0).
Ойындағы жалғыз голды екінші таймның 60 минутында 20 жастағы Сани Бухари есімді шабуылшы соқты. Бұл аяқдопшы “Ордабасымен” болған ойынға қатыспағанын айта кетейік.
Ереван командасы “Целеге” қарсы қарымта кездесуін 29 тамыз күні Целе қаласында өткізеді.
Еске салсақ, Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде “Пюник” қос ойын қорытындысы бойынша “Ордабасыны” 2:0 есебімен жеңген болатын. Командалар арасындағы екі матчтада Юсуф Отубанджо мергендігімен көзге түсті.
Біздің серіктес: FONBET