Еуропа чемпионатында жасындай жарқылдаған Нидерланды құрамасының ойыншысы мансабын «Интерде» жалғастырады

12.08.2021, 21:42
Дензель ПСЖ-ға ауысқан Ашраф Хакимидің орнын басады.
Еуропа чемпионатында жасындай жарқылдаған Нидерланды құрамасының ойыншысы мансабын «Интерде» жалғастырады

ПСВ мен Нидерданды құрамасының қорғаушысы Дензел Дюмфрис мансабын Италияда жалғастыруы ықтимал.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, "Интер" ПСВ клубымен ойыншының трансфері туралы келісімге келген. Тіпті Дюмфристің өзімен де жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойған. Жақын күндері Дензель миландық командаға ауысу үшін медициналық тексерістен өтеді. Футболшының трансферлік құны 12 миллион еуроны құрайды деп күтілуде.

Дюмфрис 2018 жылдан бастап ПСВ клубының намысын қорғады, ал оған дейін "Херенвен" мен "Спартада" ойнаған. Өткен маусымда 25 жастағы қорғаушы барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, төрт гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×