Еуропа чемпионатының қатысушысы клубсыз сенделіп жүр

Қазақстан чемпионатында “Астананың” намысын қорғаған венгр Ласло Кляйнхайслер 1 шілдеден бері еркін агент дәрежесінде келеді. 

Еуропа чемпионатының қатысушысы клубсыз сенделіп жүр

Алғаш рет Ласло Қазақстанға 2017 жылы “Вердер” командасынан келді. Басында 100 мың еуроға жалға ойнаған венгр кейінірек “Астана” командасының оң бағасын алып, 750 мың еуроға елорда ұжымына толықтай ауысады. Содан бері Кляйнхайслер қазақстандық клубта барлығы 54 ойын өткізіп, 2 гол мен 6 голдық пас береді. Және ішкі чемпионатта екі рет чемпион атанады.

“Вердер” мен “Астанадан” бөлек жартылай қорғаушы өз мансабында “Грацер”, “Дармштадт”, “Хайдук”, “Ференцварош”, “Панатинаикос”, “Видетон”, “Академия Пушкаша” және “Осиекте” өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ласло 2015 жылдан бері Венгрия құрамасына тұрақты түрде шақыртылып отырды. Соның арқасында ол ел құрамасымен бірге 3 түрлі Еуропа чемпионатында ойнады. Соңғы рет өткен еурододада Кляйнхайслер 7 матч өткізіп, 1 голдық пас берді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×