Еуропа чемпионатының қалған ойындарына жанкүйерлер кіре алады

26.01.2022, 20:49
Қазақстан 28 қаңтар күні Италиямен күш сынасады.
Еуропа чемпионатының қалған ойындарына жанкүйерлер кіре алады

Нидерланды үкіметі кеше түнде өткен баспасөз мәслихатында 26 қаңтардан бастап көрермендерге спорттық іс-шараларға, соның ішінде 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысуға рұқсат берілетінін мәлімдеді.

Жанкүйерлер топтық кезеңнің соңғы турындағы матчтарды, сонымен қатар ширек финал, жартылай финал және финалдық ойындарды тамашалай алады.

«Бұл керемет жаңалық. Біз әрқашан үкімет шараларды жеңілдетіп, әртүрлі нұсқаларды қарастырады деп үміттендік. Ақырында, көрермендер үшін есік ашылды. Бұл ЕУРО-2022-ні жақыннан сезінуге мүмкіндігі бар жанкүйерлер үшін, сондай-ақ барлық командалар, қызметкерлер және осы оқиға үшін көп еңбек еткен адамдар үшін тамаша жаңалық. Футзал бұдан да көп нәрсеге лайық және мен келушілер саны шектеулі болса да, Еуропаның үздік командаларын көру үшін есігімізді айқара ашқанымызға өте қуаныштымын», - деді турнир директоры Гейс де Йонг.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×