Еуропа чемпионатының тұсаукесер матчында Италия Түркия құрамасын еш қиындықсыз жеңді

12.06.2021, 12:33
Манчини шәкірттерінің де бір айтары бар екен.
Еуропа чемпионатының тұсаукесер матчында Италия Түркия құрамасын еш қиындықсыз жеңді

Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің 1-тур матчында Түркия құрамасы Италия құрамасымен кездесті. Турнирдің алғашқы матчы Римдегі "Олимпико" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Кездесуде Дэнни МакКели бастаған нидерландылық төрешілер тобы қызмет етті.

Италия құрамасы матч бойы басымдыққа ие болды. 53-минутта Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демираль өз қақпасына гол соғып, осы турнирдің тұсаукесер матчында автогол соққан алғашқы ойыншы атанды. 66-минутта Чиро Иммобиле есепті еселеді. Ал 79-минутта Италия құрамасының үшінші голын Лоренцо Инсинье соқты.

OptaJoe порталының мәліметінше, Италия осы турнирдің тұсаукесер матчында ең ірі есеппен жеңіске жеткен команда ретінде тарихқа енді.

Осылайша, Италия құрамасы Еуропа біріншілігінің топтық кезеңінде алғашқы үш ұпайына ие болып, К тобының турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Бүгін, 12 маусымда топтағы екі қарсылас - Уэльс пен Швейцария үш ұпай үшін талас жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×