Еуропа чемпионатының жүлдегері Қазақстан құрамасын жаттықтыруға дайын

Бүгін, 09:45

Уэльс құрамасының бұрынғы бапкері Крис Коулман Қазақстан футбол федерациясының ұсынысына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еуропа чемпионатының жүлдегері Қазақстан құрамасын жаттықтыруға дайын

Vesti.kz таратқан мәліметке сүйенсек, ҚФФ өкілдері мен 54 жастағы маман арасында алғашқы келіссөздер жүргізілген. Ең бастысы — тәжірибелі бапкер бұл ұсынысқа оң қабақ танытып, Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауға ниетті екенін білдірген.

Коулман 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойындарын назардан тыс қалдырмаған. Оның туған елі Уэльс пен Қазақстанның бір топқа түсуі маманның біздің команданы жіті зерттеуіне себеп болған көрінеді.

Футболшы мансабында АПЛ-да доп тепкен Крис Коулман — халықаралық деңгейдегі танымал мамандардың бірі. Оның жаттықтырушылық мансабындағы ең жарқын сәті ретінде ЕУРО 2016 турнирін атауға болады. Сол жылы ол Уэльс құрамасын Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×