21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы Еуро-2027 іріктеу матчы Ақтөбеде өтеді.
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2027 жылғы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч өтетін орынды ресми түрде растады.
УЕФА-мен келісім бойынша Қазақстан футбол федерациясы бұл кездесуді Ақтөбе қаласында өткізуге өтініш білдіріп, ол оң шешімін тапты.
Матч 8 қыркүйекте Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.
Айта кетейік, Англия құрамасы өткен айда ғана 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатында Германияны 3:2 есебімен жеңіп, топ жарған болатын.
Бұл құрамада «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер сити», «Челси» сынды алпауыт клубтардың ойыншылары өнер көрсетеді.