Францияның "ПСЖ" клубының президенті Нассер Әл-Хелайфи Астанаға келді.
AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше 51 жасар Қатарлық бизнесмен бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесін аралап, ресми кездесулер өткізеді.
Айта кетсек Нассер Әл-Хелайфи 1993-2004 жылдар аралығында теннис спортымен кәсіби түрде айналысқан.
Қазіргі таңда ол beIN Media Group және Qatar Sports Investments компанияларының төрағасы, "Париж Сен-Жермен” футбол клубының және Қатар теннис федерациясының президенті, сондай-ақ Азия теннис федерациясының Батыс Азия бойынша вице-президенті қызметтерін атқарады.