Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
4,5 жылдық келісім
Қазақстан құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек Грозныйдың "Ахмат" клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Футболшы медициналық тексерістен сәтті өтіп, Ресейлік ұжыммен 4,5 жылға созылатын ұзақ мерзімді келісімшарт жасады.
Ғалымжан шабуыл шебінде кез келген позицияда ойнай алатын әмбебап ойыншы.
Жанкүйерлердің өкініші: Неге Еуропа емес?
Бұл трансфер Қазақстандық футбол сүйер қауым арасында екіұдай пікір тудырды. Отандық жанкүйерлердің басым бөлігі Ғалымжанды Еуропаның топ чемпионаттарынан немесе деңгейі жоғары Еуропалық клубтардан көргісі келген еді. Әлеуметтік желілерде "Тағы да Ресей ме?”, "Еуропаға жол ашылмады ма?” деген сарындағы пікірлер жиі кездесуде. Дегенмен, Ресей Премьер лигасының деңгейі ойыншының өсуіне жақсы мүмкіндік болуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Бұл қадам Ғалымжанға не береді?
"Ахмат" сапында тағы бір Қазақстандық ойыншы Максим Самородов өнер көрсеткенін ескерсек, бейімделу кезеңі ұзаққа созылмауы тиіс. 4,5 жылдық келісімшарт 21 жастағы футболшының тұрақты ойын практикасына ие болып, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік береді.