"Еуропа Лигасы" 3-ұпай көз алдыда бұлбұл болды.

04.10.2013, 04:52
"Еуропа Лигасы" 3-ұпай көз алдыда бұлбұл болды.
ph1oto
«Шахтер» алғашқы минуттардан қарсыласты қыспаққа ала бастады. 6 минутта Симчевич өзіне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады. 10 минуттан аса қонақтар да ояна бастағандай сыңай танытты. 30 минутта Ариэль Бенадо шәкірттері Александр Мокин қақпасына бірнеше рет қауіп төндіре білді. 37 минутта «кеншілер» ұжымы шабуылына қарқын қосты. Бірнеше рет Шаранов қорғаған қақпаны дәл көздеп көрді. «Шахтер» дегеніне 39 минутта қол созды. Стандартты жағдайда Геворг Казарянның асырған пасын Андрей Финонченко баспен бағыттап кездесудегі есепті ашты. Қарағандылық команда мұнымен тоқтап қалмайтынын сездіре білді. 45 минутта Евгений Тарасов есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда «Маккаби» сауатты ойнауға тырысқандай сыңай танытты. Бас бапкер командадан екі футболшыны тыңнан қосты. Бұл командаға нәтиже де сыйлады. 54 минутта қорғаушылардың қателігінен кейін Александр Мокин қақпасынан допты алып шығуға мәжбүр болды.Бұл голды Райо өз еншісіне жазды.  Қонақтар екінші таймда жеңілмеудің жолын қарастыра бастағандай сыңай танытумен болды.  60 минуттан аса ғана қарағандылық команда кездесудегі  ойынды тең дәрежеде ұстауға ұмтыла бастады.  Бірнеше рет соққы да бағыттап көрді. 80 минутта Симчевичтің қателігінен кейін екінші таймда алаңға шыққан Алон Тургеман есепті теңестіріп кетті.  Осылайша  3-ұпай көзден ғайып бола барды. «Шахтер»(Қарағанды, Қазақстан)  — «Маккаби» (Хайфа, Израиль) 2:2 (2:0) Гол: Финонченко 40 (1:0), Тарасов 45 (2:0), Эзра 54 (2:1), Турджеман 79 (2:2) Ескертулер: Каньяс 49, Джидич 64 «Шахтер»: Мокин, Васильевич, Тарасов (Байжанов 66), Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Муртазаев 90), Каньяс, Финонченко (Дарабаев 81), Хижниченко «Маккаби»: Шаранов, Тватха, Габай, Пилявский, Райо, Голаса, Цоцалич, Ядин, Ндлову (Турджеман 46), Райян (Эзра 46), Абухазира (Веред 77) Төреші: Иштван Вод (Венгрия) "L" тобында "Шахтермен" бірге өнер көрсететін "АЗ Алкмаар" мен "ПАОК" 1:1 есебімен тең тарқасты. 82  минутта алаң иелері сапынан Джеффри Гувелеув есеп ашса, грек командасы төреші қосқан қосымша уақытта есепті теңестіріп кетті. Гол авторы - Дмитрис Салпингидис. 
 "L" тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай
1. ПАОК 2 1 1 0 3:2 4
2. АЗ Алкмаар 2 1 1 0 2:1 4
3. Шахтер 2 0 1 1 3:4 1
4. Маккаби Хф 2 0 1 1 2:3 1
Автор: ЕРНАТ  ТЕМІРБЕКОВ Сурет: ffk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×