Еуропа Лигасы. Алғашқы кездесулер аяқталды

21.02.2014, 15:04
Еуропа Лигасы. Алғашқы кездесулер аяқталды
Жаңа ғана футболдан Еуропа Лигасының алғашқы кездесулері аяқталды. Назарларыңызға қорытынды нәтижелерді ұсынамыз. Бұл аптада ағылшындық клубтардың жолы бола қойған жоқ. Чемпиондар Лигасында да "Арсенал" мен "Манчестер Сити" өз алаңдарында қарсыластарына есе жіберді. Еуропа Лигасында "Тоттенхэм" сырт алаңда украиналық "Днепрге" ұтылды. Тек "Суонси" ғана өз алаңында"Наполимен" тең нәтижеге қол жеткізе алды. Еуропа Лигасында қарағандылық "Шахтермен" бір топта өнер көрсеткен"ПАОК" өз алаңында португалиялық "Бенфикаға" ұтылса, "АЗ Алкмаар" сырт алаңда "Слован Либерецті" жеңіп қайтты. Алғашқы кездесулер нәтижесі: «Анжи» (Ресей) 0 - 0 «Генк» (Бельгия) «Ювентус» (Италия) 2 - 0 «Трабзонспор» (Түркия) «Черноморец» (Украина) 0 - 0 «Лион» (Франция) «Днепр» (Украина) 1 - 0 «Тоттенхэм» (Англия) «Динамо» (Украина, Киев) 0 - 2 «Валенсия» (Испания) «Эсберг» (Дания) 1 - 3 «Фиорентина» (Италия) «Либерец» (Чехия) 0 - 1 «АЗ Алкмар» (Голландия) ПАОК (Грекия)0 - 1 «Бенфика» (Португалия) «Аякс» (Голландия) 0 - 3 «Зальцбург» (Австрия) «Бетис» (Испания) 1 - 1 «Рубин» (Россия) «Порту» (Португалия) 2 - 2 «Айнтрахт» (Германия, Франкфурт) «Лацио» (Италия) 0 - 1 «Лудогорец» (Болгария) «Маккаби» (Израиль, Тель-Авив) 0 - 0 «Базель» (Швейцария) «Марибор» (Словения) 2 - 2 «Севилья» (Испания) «Виктория» (Чехия, Пльзень) 1  - 1 «Шахтер» (Украина, Донецк) «Суонси» (Уэльс) 0 - 0 «Наполи» (Италия) Дайындаған: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Футфристайл!
Серіктес жаңалықтары
×