Құрметті, оқырман көптің сұрауымен Еуропа лигасының ойындарына болжам жасап, Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Барлық өтетін матчқа дәл болжам айту мүмкін емес. Дегенмен таңдаулы 5 кездесуді талдап, сараптама жасап көрдік.
АЗ Алкмар – Рома
Еуропа лигасының 7-ші турында футбол жанкүйерлері күтіп отырған қызықты матчтардың бірі Нидерланды да өтеді. АЗ Алкмар өз алаңында Италияның Ромасымен кездеседі. Турнирлік кестеде екі команданың арасын тек бір ұпай ғана бөліп тұр. Бұрын соңды бір-бірімен ресми турнирлерде жолықпаған. Дегенмен, ұпай екеуіне де ауадай қажет. Сондықтан, қарсыластар шабуылда аянып қалмайтыны белгілі. Соңғы нәтижелеріне қарасақ, АЗ мен Рома ішкі біріншіліктерінде 5 тур бойы жеңіліп көрмеген. Яғни, қос ұжым бабында деуге болады. Біздің болжамымыз екеуі де гол соғады. Букмекерлер бұл бәске 1,68 кф беріп тұр. Экспресске өте жақсы.
Карабах – ФКСБ
Әзірбайжан чемпионы Қарабах Румынияның даңқты Стяуа Бухарестін қабылдайды. Анау-мынау қарсыласты қалпақпен ұрып алатын Қурбан Құрбановтың командасы бұл ойында сәл фаворит екені айқын. Турнирлік кестеде екі клубтың арасы жер мен көктей. Стяуа 11 ұпай жинап, 10 орынға тұрақтаса, Қарабах 3 ұпаймен 36 команданың ішінде 33-орында. Демек, жағдайды түзейтін мүмкіндік туып тұр. Румындықтарға тең нәтиженің өзі олжа болмақ. Алайда, агдамдықтардың қарқынына төтеп бере алмайтын секілді. Бұл ойында Қарабах екі таймның бірінде жеңеді деген бәсті таңдап отырмыз. Оған 1,63 кф беріп тұр.
Хоффенхайм – Тоттенхэм
Германияда Хоффенхайм Англияның бағы ашылмаған Тоттенхэм клубымен кездеседі. Лондықтар қазір АПЛ-де көрінген командаға жеңіліп, қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Немістердің де бундеслигадағы жағдайы мәз емес. Демек, екеуі апама жездем сай боп тұр. Оның үстіне қос ұжымда жарақат алған ойыншылар өте көп. Екеуінің де әр ойында қақпасына гол жібермей кетпейтінін ескерсек бұл кездесу голдарға бай болатын сыңайлы. Сондықтан екеуі де гол ұрады деген бәске ойланбай тігіп 1,44 кф букмекерлердің өзіңізге берген сыйы деп қабылдасаңыз болады.
МЮ – Рейнджерс
Биыл АПЛ-ның ортаңқол командасына айналған атақты Манчестер Юнайтед шотландық Рейнджерспен шеберлік байқасады. Дегенмен, Еуропа лигасында екі ұжым да тәуір ойнап жүр. Рубен Аморимнің командасын қазір Англияда ерінбегеннің бәрі жеңіп жатыр. Бұл жолы өз жанкүйерлері алдында абырой жинауға Рейнджерс мүмкіндік берер ме екен? Өйткені, глазголықтар да жуырда ата жауы Селтикті тас-талқан етіп жеңген болатын. Сонымен біздің болжамымыз МЮ өл-тіріл бұл ойында ұтуы керек. Сондықтан, біріншінің жеңісі және тотл 1,5 көп деген бәсті таңдаймыз. Букмекерлер 1,52 кф беріп тұр.
Айнтрахт Ф – Ференцварош
Франкфурттың Айнтрахы өз алаңында Ференцварошты қабылдайды. Азулы немістер венгриялықтарға дастиш-фантастиш көрсететін секілді. Себебі, Айнтрахт бұл матчта жеңіске жетсе үздік сегіздікке ілініп, плей-оффты 1/8-ден бастайды. Оны үстіне, франкфурт өз стадионында өте сирек жеңіледі. Оларға фанаттарының қолдауы да айрықша дем береді. Ал венгриялықтар қысқы үзілісте. Тек жолдастық ойындар өткізумен шектеліп жүр. Бұл матчта сөзсіз фаворит Айнтрахт екені айтпаса да белгілі. Бұл кездесуге біздің болжамымыз Ф1 (-1). Алаң иелері кем дегенде екі гол басымдығымен жеңіске жетеді. Оған букмекерлер бақандай 1,89 кф беріп отыр. Пайдалану керек!
РS: Құрметті оқырман, бұл жәй ғана біздің сараптамалық болжамымыз. Доп домалақ кез келген матчта сенсация болуы ғажап емес. Сондықтан, бәс тігемін деп бас тігіп жібермесеңіздер болды.
Біздің серіктес: FONBET