Бүгін түнде өтетін Еуропа лигасының финалы бізге шын мәнісінде футбол спектакльін сыйлай ала ма? Міне ,осы сұрақ көпті мазалайды. Бір қарасақ, "Порту" өздерінің отандастарын оп-оңай жеңіп кетуіне болады. "Брага" ішкі біріншілікте "айдахарлардан" жеңіліп жүрген команда. Арсен Венгердің айтуынша бұл команда үнемі 2 нөмермен ойнайтын команда. Бірінші кезекте қорғанысқа иек артады. Ал ондай командалар үнемі қауіпті болатыны белгілі.
"Порту": Элтон – Сапунару, Роланду, Майкон, Альваро Перейра – Гуарин, Фернандо, Моутинью – Халк, Фалькао, Варела.
"Брага": Артур – Гарсия, Родригес, Паулау, Силвиу – Алан, Вандинью, Куштодиу, Виана – Лима, Мейонг.
Букмекерлердің бағасы бойынша бұл теке тірестің анық жеңімпазы - "Порту". Десе де, "Ливерпуль" мен "Динамо Киевті" тоқтатқан ұжымға өздеріне таныс "Портуды" жеңіп кетуге де болар-ау!