Еуропа лигасының кубокі кімге бұйырар екен?

18.05.2011, 23:44
Еуропа лигасының кубокі кімге бұйырар екен?
Бүгін түнде өтетін Еуропа лигасының финалы бізге шын мәнісінде футбол спектакльін сыйлай ала ма? Міне ,осы сұрақ көпті мазалайды. Бір қарасақ, "Порту" өздерінің отандастарын оп-оңай жеңіп кетуіне болады. "Брага" ішкі біріншілікте "айдахарлардан" жеңіліп жүрген команда.  Арсен Венгердің айтуынша бұл команда үнемі 2 нөмермен ойнайтын команда. Бірінші кезекте қорғанысқа иек артады. Ал ондай командалар үнемі қауіпті болатыны белгілі.

"Порту": Элтон – Сапунару, Роланду, Майкон, Альваро Перейра – Гуарин, Фернандо, Моутинью – Халк, Фалькао, Варела. "Брага": Артур – Гарсия, Родригес, Паулау, Силвиу – Алан, Вандинью, Куштодиу, Виана – Лима, Мейонг.

Букмекерлердің бағасы бойынша бұл теке тірестің анық жеңімпазы - "Порту". Десе де, "Ливерпуль" мен "Динамо Киевті" тоқтатқан ұжымға өздеріне таныс "Портуды" жеңіп кетуге де болар-ау!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×