"Атырау" ФК Игорь Стасевичті қатарына қосқанын қуана хабарлады.
"Игорь Стасевич "Атырау" ФК келісімшартқа отырды. Стасевичке нәтижелі ойын мен үлкен жеңістер тілейміз! Сардэчна запрашаем, Ігар!", - деп жазады батыс-қазақстандық ұжымның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Игорь Беларусияның үш рет үздік футболшысы атанған (2015, 2018 және 2019 жылдар). Ұлттық құрамада ол 63 ойын өткізіп, 5 гол салған болатын.
Жартылай қорғаушы өз мансабында БАТЭ, "Гомель", "Динамо", "Волга" және "Чайка" ФК доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET