Еуропаға 13 жолдама бұйырды

08.06.2011, 16:34
Еуропаға 13 жолдама бұйырды
ФИФА (Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы) Бразилияда өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатында Еуропадан 13 елдің ұлттық құрамасы бақ сынайтындығын жариялады. 1998 жылдан бері әлем чемпионатының ақтық додасында бақ сынайтын Еуропа командаларының саны өзгермей келеді. Он үш жыл болды, әлі сол – 13. Қалған құрлықтарға тоқталар болсақ, Африкаға – 5 жолдама, Азияға – 4,5 жолдама, Оңтүстік Америкаға – 4,5 жолдама, Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб жағалауы елдеріне – 3,5 жолдама, Мұхит жағалауы елдеріне 0,5 жолдама тиді. Мұнда Азия мен Мұхит жағалауы конфедерациялары, сондай-ақ Оңтүстік Америка мен КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб жағалауы) конфедерациялары қосымша жолдамаларға таласатын болады. Мысалы, Азияның төрт үздік құрамасы әлем чемпионатында бақ сынау құқығына бірден ие болады да, бесінші командасы Мұхит жағалауы конфедерациясының жеңімпазымен тағы бір жолдаманы сарапқа салады. Ал Бразилия әлем чемпионатының қожайыны ретінде 2014 жылғы мундиальға тікелей қатысады. ФИФА сондай-ақ 2013 жылғы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының Түркияда өтетіндігін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×