Еуропаға жол жабылды ма? – Қазақстандық талант неге Словакияға кете алмай жатыр?

Бүгін, 14:15

Қазақстандық футболшы Еламан Оспанғалидің Еуропалық мансабы күтпеген кедергіге тап болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еуропаға жол жабылды ма? – Қазақстандық талант неге Словакияға кете алмай жатыр?

Ақпан айында Кошице қаласының "Славия” клубымен ресми келісімшартқа отырған ойыншы әлі күнге дейін жаңа командасының сапына қосыла алмай жүр.

Жанкүйерлер арасында "трансфер тоқтап қалды ма?" деген сұрақ туындағанымен, футболшының өзі жағдайды түсіндіріп, нүкте қойды.

Еламан Оспанғали Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Словакияға аттанудың ауылы алыс еместігін айтты. Оның сөзінше, мәселе келісімшартта емес, тек уақытқа келіп тіреліп тұр:

"Қазір Қазақстандамын. Бірақ жақын арада, шамамен бір-екі аптада жолға шығамын деп ойлаймын. Жаңа клубтағы дебютімді өзім де асыға күтіп жүрмін. Виза мәселесінде ешқандай қиындық жоқ, тек сәл күте тұру керек.” — деді жас талант.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×