Еуропалық алпауыттың қызығушылығы – “Ертіс” қорғаушысы неге “Легияға” ауыспады?

Бүгін, 14:33

Павлодарлық “Ертіс” сапын қаңтар айында толықтырған Беларусьтік қорғаушы Данила Нечаевтың мансабы мүлдем басқа арнада өрбуі мүмкін еді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еуропалық алпауыттың қызығушылығы – “Ертіс” қорғаушысы неге “Легияға” ауыспады?

26 жастағы футболшы Қазақстанға келмес бұрын Орталық Еуропаның танымал ұжымдарының біріне ауысуға жақын болған.

“Легияның” қызығушылығы және кедергілер

Беларусьтік агент Виталий Леденевтің айтуынша, Нечаевқа Польшаның атақты “Легия” клубы назар аударған. Конференция лигасының ширек финалына дейін жеткен Варшавтық ұжым қорғаушыны өз қатарынан көргісі келгенімен, трансфер заңдық кедергілерге тіреліпті.

“Бір футболшымызды Варшавтық “Легияға” ауыстыру мүмкіндігі болған еді. Олар ойыншыға қатты қызықты, бірақ жұмыс істеуге рұқсат қағазын рәсімдей алмады. Саяси себептер ме, әлде басқа ма, әйтеуір бұл қадамға бара алмады. Әңгіме Нечаев туралы болып отыр.” — деді Леденев Legia.net порталына берген сұхбатында.

Польшадағы құжат мәселелері шешілмегендіктен, Данила Нечаев таңдауын Қазақстан чемпионатының пайдасына жасады. Қазіргі таңда ол “Ертіс” сапында маусымға дайындық жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×