Еуропалық клуб “Астананың” көшбасшысын өз қатарларына қосқысы келеді

02.04.2025, 18:00

"МЛ Витебск" клубының даму жөніндегі директоры Дмитрий Краснодубский "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Макс Эбонгтың мүмкін болатын трансфері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуропалық клуб “Астананың” көшбасшысын өз қатарларына қосқысы келеді
Макс Эбонг

Оның айтуынша, бұл трансфердің орындалуы мүмкін және барлығы тек қаржылық жағдайға байланысты.

"Біз Витебсктің түлектері – Карпицкий, Шуманский, Эбонг, Печенинді қайтарғымыз келеді. Бұл мүмкін емес деп ойламаңыздар. Уақыт өте келе бәрі де мүмкін. Бәрін ақша шешеді ме? Әрине! Егер Эбонгқа Қазақстандағыдай жағдай жасалса, неге келмеске?» 

Макс Эбонг 2020 жылдан бері «Астана» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол елордалық ұжым үшін 151 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.

                                                     Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×