Грекиялық «Sportime.gr» сайты Дастан Сәтпаев пен грекиялық талант Христос Музакитисті салыстырып, ЧЛ жалпы кезеңінің 6-турында болатын «Қайрат» - «Олимпиакос» матчына тоқталды.
«Ол «Қайраттағы» Музакитистің баламасындай. Музакитис деуге болады себебі әңгіме «Қайраттың» негізгі құрамында ойнайтын орталық шабуылшы жайлы болуда. Оның Чемпиондар Лигасында бес кездесуі мен бір голын және турнирдің іріктеуіндегі 3 голын айта кету керек. Ал Қазақстан чемпионатындағы 24 кездесуде 14 гол мен 7 ассист тіркеген болатын. Мұның барлығын ерекше бір айтуға тұрмайтын да ма еді, егер әңгіме 17 жасқа да толмаған жігіт жайлы болмаса! Ол 2008-жылы 12-тамызда дүниеге келді және «Қайратқа» қыруар қаржы әкелетіні анық, себебі, оған еуропадан алпауыт клубтар қызығушылық танытып отыр. Қаңтардан бастап Қазақстанда қалуы екіталай секілді. Оның келісімшарты бір жылдан кейін аяқталады және нарықтық бағасы қазірдің өзінде жоғары. «Олимпиакостың» бағына орай «қызыл-ақтарға» қарсы тағы бір бәсекеде өзінің шеберлігін паш ететін мүмкіндігі жоқ. Оған қызығушылық танытқандар қатарында грекиялық клубтардың бар екені белгілі, алайда кеш, себебі, сыбыстарға сенсек, Сәтпаевты алу үшін 30 миллион еуро төлеу керек», - делінген материалда.
«Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуі Астанада 9-қарашада болады. Бұл бәсекеге Дастан Сәтпаев сары қағаздардың көптігіне байланысты қатыса алмайды.