Еуропаны елең еткізген қазақ – Словакиялық бапкер Оспанғалидің ойынына тәнті болды

06.05.2026, 13:03

Словакияның “Славия” (Кошице) клубының бапкерлер штабы Қазақстандық жас талант Еламан Оспанғалидің ресми дебютіне қатысты  пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еуропаны елең еткізген қазақ – Словакиялық бапкер Оспанғалидің ойынына тәнті болды
фото: Kpl.kz

Команда бас бапкерінің көмекшісі Матей Тимкович отандасымыздың алаңдағы қарым-қабілетін жоғары бағалап, оның болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

Матей Тимкович Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Еламанның шабуыл шебіндегі белсенділігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандық футболшы алғашқы ойынында-ақ өзінің мықты тұстарын көрсете білген.

“Еламан Оспанғали — шабуылда өте сауатты ойнайтын футболшы. Ол осы матчта өзін жақсы қырынан көрсетіп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті сәттер тудырды. Әсіресе, бетпе-бет келуде, яғни жекпе-жекте өте мықты. Оның ойын өрнегі алдағы матчтарда бұдан да жақсара түсетініне сенімдімін." — деді бапкер.

Бапкердің бағалауы бойынша Еламанның негізгі артықшылықтары:

– Агрессивті шабуыл: Қарсылас қорғанысын үнемі қысымда ұстауы.

– Креативтілік: Гол соғатын немесе қауіпті сәт жасайтын мүмкіндіктерді іздеуі.

– Жеке шеберлік: Доппен алдап өтудегі сенімділігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×