Қазақ футболындағы жас жұлдыздардың бірі – Ғалымжан Кенжебектің cоңғы маусымдағы тұрақты ойыны мен сенімді көрсеткіштері Еуропа скауттарының назарын аударып, футболшыға бірнеше елдің беделді клубтары қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Vesti.kz мәліметінше, ойыншыға Грекияның екі алпауыты – "Олимпиакос” пен "ПАОК", Шотландияның топ клубы "Рейнджерс", Чехия чемпионатының "Виктория Плзень", сондай-ақ Ресей Премьер лигасының өкілдері "Краснодар” мен "Динамо" ниет білдіруде.
Сонымен қатар, ел чемпиондары "Қайрат” клубы да ойыншыны өз қатарына қайтадан қосуға дайын екені айтылуда.