Еуропаның жыл ойыншысы атағына ұсынылған үш үміткердің есімі белгілі болды

20.08.2021, 15:18
Бұл тізімге тек жартылай қорғаушылар кіріп отыр.
Еуропаның жыл ойыншысы атағына ұсынылған үш үміткердің есімі белгілі болды

УЕФА Еуропаның 2020/2021 жылғы маусымдағы үздік ойыншысы атағына үміткерлердің тізімін жариялады. Сыйлық 26 тамызда Стамбулда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімінде тапсырылады.

Жылдың үздік ойыншысы атануға үміткерлер тізімінде Англия Премьер -лигасының үш ойыншысы көш бастап тұр: Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити"), Н'Голо Канте ("Челси") және Жоржиньо ("Челси").

Бір айта кетерлігі, соңғы 11 жыл ішінде алғаш рет үш үміткердің қатарына тек жартылай қорғаушылар кіріп отыр.

Тізімді құрастыру кезінде Еуро-2020-ға қатысқан 24 ұлттық құрама бапкерлерінің, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған командалардың бас бапкерлері мен 55 журналисттің дауысы есепке алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×