Еурожаңалықтар

08.06.2011, 06:06
Еурожаңалықтар
Еуропада кезекті футбол маусымы аяқталды.Есесіне жер жүзіне танымал футболшылар бір клубтан екінші клубқа ауысып, кейбір аяқдоп шеберлері өз командаларымен келісім шарттарын ұзартып, бапкерлер алмасып жатқан қарбалас кезең басталды кәрі құрлықта.Футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтармен таныс болыңыздар: Италия чемпионы «Милан» римдік «Романың» шабуылшысы Жереми Менезбен келісім шартқа қол қоюға жақын.Трансфер шамамен 10 миллион еуроны құрайды. Мадридтік «Реалдың» орталық қорғаушысы Эзекиль Гарай ойыншы ретіндегі өмір жолын Францияның «Лион» командасында жалғастыруы мүмкін.24 жасар аргентиналық футболшы – «Лионның» биылғы жаздағы басты мақсаты.Бұл трансфердің де құны шамамен 10 миллион еуро. Португалиялық «Бенфиканың» қорғаушысы Фабио Коэнтрао жақын арада Мадридтік «Реалға»  ауысуы мүмкін.23 жасар португалиялық  галактикос құрамындағы төртінші жаңа ойыншы болмақ,ертерек командаға Нури Шахин,Хамит Алтынтоп,Хосе Кальехон қосылған болатын.Трансфер құны 22 миллион еуро. Италиялық «Удинезенің» шабуылшысы Алексис Санчес алдағы күндерде «Барселона» жейдесін киюі мүмкін.Шабуылшыны өз командасының құрамында көргісі келген клубтардың арасында Манчестерлік қос клуб – «Сити» және «Юнайтед»  бар. «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Нанидің командадан кетуі мүмкін.Оның бір себебі – сэр Алекс Фергюссонның португалияқты Чемпиондар Лигасының финалында алаңға бірден шығармауы.Клуб басшылығы да жас футболшының жолына тосқауыл бола қоймайтын сияқты.Наниге қызығушылық білдірушілердің бірі – Мадридтік «Реал». «Барселонаның» бас бапкері Хосеп Гвардиола өз командасында Серхио Агуэроны көргісі келеді.Аргентиналық таланттың агенті клуб басшыларымен бірнеше мәрте кездескен болатын.Агуэроның блауграна құрамына ауысуына Аргентина ұлттық құрамасында  ойнайтын Лионель Месси екеуінің достығы да әсер етуі мүмкін.Әзірше Агуэроның «құны» 45 миллион еуро. Испандық «Вильяреал» Италия құрамасының және «Фиорентинаның» шабуылшысы Альберто Джилардиноға қызығушылық білдіріп отыр.Бірақ, барлығы айналып келгенде испандықтардың беретін ақшасына байланысты.Трансфер құны 15 миллион еуро. Италиялық атақты қос клуб – «Интер» және «Ювентустің» «Лионның» жартылай қорғаушысы Мишель Бастосқа көздері түсіп отыр.Бразилиялық ойыншының агенті Эммануэль Керчовеге сенсек, туриндік клубтың мүмкіндігі жоғары.Себебі «Ювентус» Бастосқа рсми түрде «сөз салған». Мадридтік «Реалдың» құрамында биыл  әр түрлі қырларынан танылған тоголық шабуылшы Эммануэль Адебайор «Миланда» доп тебуі мүмкін.Бірақ,Адебайор  онда тек  миландықтардың құрамына Дидье Дрогба келмеген жағдайда ғана өнер көрсете алады. Несіпбаев Нұршапағат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×