«Эвертон» бразилиялық ойыншымен толықты

05.09.2020, 22:43
Бұған дейін Анчелотти мен Аллан бірге жұмыс істеген еді.
«Эвертон» бразилиялық ойыншымен толықты

"Эвертон" ресми сайтында «Наполидің» жартылай қорғаушысы Маркес Алланның трансфері туралы хабарлады. 29 жастағы бразилиялық футболшының ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылдың маусым айының соңына дейін жасалған.

«Мен "Эвертонмен" келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Енді команданың жетістігіне үлес қосамын және «Эвертонмен» көптеген тамаша матчтар өткіземін деп сенемін. Бұл премьер-лигада бай тарихы, үлкен амбициясы бар және Карло Анчелотти секілді мықты бапкері бар клуб. Ол менің осында келуім үшін барын салды», - деді Аллан.

Еске салайық, Аллан "Наполиге" 2015 жылдың жазында ауысқан болатын. Одан бұрын бразилиялық жартылай қорғаушы «Удинезе» мен бразилиялық «Васко да Гама» клубтарының намысын қорғады. Алланның трансферлік құны 25 миллион еуроны құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×