«Эвертон» Ришарлисонды 85 миллион фунтқа сатудан бас тартты

31.01.2020, 19:00
«Эвертон» Ришарлисонды 85 миллион фунтқа сатудан бас тартты

Sky Sports-тың хабарлауынша, ағылшынның «Эвертон» клубы шабуылшы Ришарлисонды «Барселонаға» 85 миллион фунтқа сатудан бас таптыпты. Луис Суарес тізе жарақатына байланысты 4 ай алаңға шыға алмайды. Қазір орталық шабуылшы іздеумен бас қатырып жүрген Каталон клубы бразилиялық сұрмергенді сатып алмақ болған. Бірақ "Эвертон" басшылығы бұл ойыншыны 85 миллионға да сатуды жоспарламайтын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Эвертон" Бразилия құрамасының ойыншысын бір жарым жыл бұрын 35 миллион фунтқа сатып алған. Жалпы ағылшын клубы үшін 65 ойынға қатысып, 24 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×