Евгений Постников «Астанадан» кетті

18.02.2021, 01:56
Евгений «Астана» сапында жеті жыл ойнады.
Евгений Постников «Астанадан» кетті

Евгений Постников "Астана" командасынан кетті. Тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзды.

Постниковтың ХИК және чехиялық "Яблонец" қақпасына соққан голдары клуб жанкүйерлерінің есінде ұзақ сақталады. Евгений елордалық клуб сапында 223 матч өткізіп, 5 гол мен 5 голдық пастың авторы атанды. Және клуб сапында ең көп матч өткізген төртінші футболшы атанды.

Постников Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті, клубпен бірге 6 рет ел чемпионы атанды, Суперкубок пен Қазақстан Кубогін жеңіп алды!

"Астана" футбол клубы Евгенийге клубтың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы уақытта бар жақсылықты тілейді!

"Астана" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×