Евгений Постников «Астананың» оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды

13.02.2021, 18:59
Қорғаушының «Астанамен» жарамды келісімшарты бар.
Евгений Постников «Астананың» оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды

«Астананың» қорғаушысы Евгений Постников команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспауда, деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы футболшыны бас жаттықтырушы Андрей Тихонов оқу-жаттығу жиынына баратын ойыншылар тізіміне қоспаған. Қазіргі уақытта Евгений Нұр-Сұлтандағы Футбол үйінде жеке өзі жаттығуда.

Постниковтің «Астанамен» келісімшарты бар және ол командадан кетуді жоспарламайды. Орталық қорғаушы коронавирус жұқтыруына байланысты клубтың Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатыса алмаған еді.

Постников «Астана» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Қазақстан құрамасы үшін сегіз матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×