Өзбекстан құрамасының жаңа бас бапкері, Италия құрамасы сапында әлем чемпионы, "Алтын доп" иегері Фабио Каннаваро баспасөз жиынын өткізді.
— Сіз сегіз айдың ішінде әлем чемпионатында жақсы өнер көрсететін команда құруға болатынына сенесіз бе?
— Ұлттық құраманың өзі қазірдің өзінде бәсекеге қабілетті деңгейге жетті. Әрине, әлі де жетілдіретін тұстар көп. Ең бастысы - ойын қарқынын арттыру. Азия мен еуропалық футболдың айырмашылығы дәл осы ойын ырғағына тіреледі. Бұл туралы мен УЕФА-мен сөйлесемін.
Ойын барысында қарқынды бүкіл матч бойы ұстап тұра білу керек. Тек сонда ғана жеңіске жету мүмкіндігі артады. Физикалық дайындықты бақылау және жетілдіру қажет. Осы бағытта барлық дене шынықтыру жаттықтырушыларымен сөйлесемін. Егер маған барлық мәліметті ұсынса, өте жақсы болар еді.
Менің ойымша, бұл жерде отырғандардың ешқайсысы бұрын әлем чемпионатында ойнамаған шығар. Айтарым, әлем чемпионатындағы ойын ырғағы өте жоғары. Тіпті қорқынышты деуге болады, – деді Фабио Каннаваро.
Айта кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет 2026 жылы әлем чемпионатына қатысады.