Фабио Каннаваро Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларын жаттықтырудан бас тартты

27.09.2025, 16:30

Әлем чемпионы, “Алтын доп” иегері Фабио Каннаваро Қазақстан және Өзбекстан ұлттық құрамаларының бас бапкері болу туралы ұсыныстан ресми түрде бас тартты.

Фабио Каннаваро Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларын жаттықтырудан бас тартты

52 жастағы Италиялық маманға жақын дереккөздің хабарлауынша, Каннаваро екі елдің футбол федерацияларымен келіссөз жүргізген, алайда соңғы шешімін шығарып, ұсынысты қабылдамады.

2006 жылғы әлем чемпионы және “Алтын доп” иегері қазір Еуропада жұмыс іздеуде. Дереккөздің мәліметінше, ол маусым барысында Италияда клубтық жұмысқа оралуды көздеп отыр және бір команданың бапкері қызметінен кетуін күтуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық және Өзбекстандық БАҚ Каннаваро екі құрамаға да үміткер екені туралы хабарлаған болатын. Алайда бұл жолы аты аңызға айналған қорғаушының таңдауы Еуропада қалу болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×