Миллий командасының Кувейт пен Уругвайға қарсы кездесулерінде футболшыларды кім жаттықтырмақ?
Көршілес елдің құрамасы 9 қазан күні Кувейтпен және 13 қазан күні Уругваймен жолдастық матч өткізеді. Аталған матчтарға өзбектерді Тимур Кападзе дайындай беретін болады. Ал Фабио Каннавароның дебюты сәтті болуы үшін жеңілдеу қарсылас қарастырылмақ.
Бүгін Өзбекстан құрамасы Тимур Кападзенің шақыртуымен жинақталған футболшылар тізімін жария етті. Оған 27 ойыншы еңді. Алайда миллий жанкүйерлерінің өкінішіне қарай, чемпионатта жүріп жарақат алған Абдуқодыр Хусанов пен Жалолодин Машарипов алдағы уақытта командаға көмектесе алмайтын болды.