Атақты Италиялық футбол инсайдері Фабрицио Романо өзінің Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың "Челсиге" ауысуына байланысты пікір білдірді.
"Сәтпаев ерекше ойыншы. Оның Лондон клубына ауысуының артында "Челсидің” спорт директоры Джо Шилдс тұр. Ал ол әдетте ешқашан қателеспейді.” – деп жазды инсайдер.
Дастан Сәтпаевтың "Челсиге” ресми түрде ауысуы келесі жылға жоспарланған яғни ойыншы 18 жасқа толғаннан кейін.