Фаиз Маттуар: “Қазақстаннан жеңілy арқылы, біз өзімізге үлкен сабақ алдық”

Бүгін, 15:52

Комор аралдары құрамасы мен Болгариялық "Септември" клубының вингері Фаиз Маттуар Қазақстанға қарсы өткен FIFA Series турнирінің шешуші матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Фаиз Маттуар: “Қазақстаннан жеңілy арқылы, біз өзімізге үлкен сабақ алдық”

Маттуар жеңілістің себептерін түсіндірді. Футболшының пайымдауынша, матч тағдырын кішігірім детальдар шешкен. Жоғары деңгейдегі ойындарда дәл осындай ұсақ-түйектердің маңызы зор екенін атап өткен Маттуар, өз командасының әлі де болса тәжірибе жинақтап жатқанын тілге тиек етті.

"Біздің құрама әлі жас, біз әлі де үйрену үстіндеміз. Бүгінгі ойындағы айырмашылық детальдарда болды деп ойлаймын." — деді вингер Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Ол бұл жеңілістің болашақта мықты ұжым құруға септігін тигізетініне сенімді. Соған қарамастан, Маттуар өз командасының көрсеткен ойынына көңілі толатынын және мақтан тұтатынын жеткізді.

Сұхбат барысында футболшы Қазақстан астанасына деген ерекше ілтипатын білдіріп, жақын болашақта Астанаға қайта оралғысы келетінін жасырмады.

"Жоғары деңгейде өнер көрсету үшін бізге әлі де тәжірибе керек. Бірақ біз бүгінгі ойынымызды мақтан тұтамыз. Бұл жеңіліс бізді алдағы уақытта бұдан да мықты ете түседі.” — деп қорытындылады сөзін Фаиз Маттуар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×