Радамель Фалькаоның тізесіне ота жасаған Хосе Карлос Норонья 27- жасар футболшының 2014 жылы өтетін Әлем Чемпионатына баруға мүмкіндігі 55% артты деп хабарлады.
Бұл жөнінде дәрігер Норонья, осы жұмада Колумбиядағы "Antena 2" радиосына берген сұхбатында айтқан болатын.
"Мен Фалькаоның жарақатынан тез жазылып кететініне сенемін. Бүгін мүмкіндік 55% болса, көп ұзамай бұл көрсеткіш арта түспек. Өйткені қалпына келу процессі өте қарқынды жүруде. "
Абылайхан ЖҰМАШ