Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне "Елмай" мен "Оқжетпес" арқылы танылған, әлемдік футзал жұлдызы Фалькаоның ұлы — Энцо Мендес елге оралды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстанға емес, туған жері Бразилияға.
Қазақстандағы сәтсіздік: Алдау мен қосалқы құрам
Энцоның Қазақстандағы мансабы үлкен үмітпен басталғанымен, соңы дау-дамайға ұласты. Оқиға желісіне қысқаша тоқталсақ:
Өткен қыста семейлік клубқа қосылған Энцо бірде-бір ресми матч өткізбей жатып, наурыз айында командадан кетті. Тіпті оның әкесі — аңыз футболшы Фалькао — “Елімай” басшылығын "ұлымды алдап соқты” деп ашық айыптаған болатын.
Сәуір айында Көкшетаулық “Оқжетпеспен" келісімшартқа отырған Бразилиялық қорғаушы ҚПЛ 2025 маусымында небәрі 4 ойынға қатысты. Жалпы есеппен 130 минут қана алаңда тер төккен ол, негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.
Бразилиядағы жаңа белес: "Позу Алегре"
Legalbet.kz мәліметінше, 23 жастағы сол қанаттағы қорғаушы қазір Бразилияның төртінші дивизионында (Серия D) өнер көрсететін "Позу Алегре" клубының сапында жаттығып жүр.
Бір қызығы, бүгін, 11 қаңтарда Энцоның жаңа клубы Бразилияның ең атақты командаларының бірі — "Крузейроны" 2:1 есебімен жеңіп, үлкен сенсация жасады. Алайда, Мендес әлі де болса бабына келе алмаған сыңайлы, ол бұл матчта тіпті қосалқы құрам тізіміне де енбей қалды.
Әкесінің абыройы Энцоға үлкен мүмкіндіктер сыйлағанымен, жасыл алаңдағы шеберлік бәрібір бірінші орында. Қазақстан премьер-лигасында өзін көрсете алмаған Мендес енді Бразилияның төменгі лигалары арқылы мансабын қайта тіктемекші. Оның "алдандым" деген өкпесі мен Қазақстаннан кетуі спорттық мансабына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.