Кеше балықшылар командасы Әлем чемпионаты іріктеуінде Черногориямен кездесті.
Фарердың Торсхавн қаласында өткен матчта Ханус Соренсен дубль, Роганович автогол және Фредриксберг бір гол соқты. Соның нәтижесінде аралдар ұжымы қаратаулықтарды 4:0 есебімен жеңіп, ресми ойындарындағы алғашқы ірі нәтижесін тіркеді.
Бұған дейін, Эйдун Клакстейн шәкірттері Гибралтар ұжымынан қос матчта 3:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, қазан айында біздің құрама сырт алаңда Фарер аралдарымен жолдастық матч өткізеді.