Фарер аралдары Әлем чемпионаты іріктеуінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Бұл жолы Клакстейн шәкірттері Чехиядан басым түсті.

Фарер аралдары Әлем чемпионаты іріктеуінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Фарер аралдарының командасы бүгін өте сауатты ойнады. Статистикалық көрсеткіштің барлығы қарсылас пайдасына болғанымен, шабуылдарды 100 пайыздық голға айналдыру алаң иелерінің қолынан жақсы келді. Чехтар допты терлеп-тепшіп ұстап жүрген сәтінде, балықшылар қарсылас қарымта шабуылда ұстап алып тұрды. Матч барысында Черногория қақпасына дубль жасаған Ханус Соренсен тағы да голдық көрсеткішпен көзге түсті. Жалпы ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Еске салсақ, Фарер аралдары ұжымы бұған дейін іріктеуде Черногорияны 4:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

Айта кетейік, қазан айында бұл командамен біздің құрама жолдастық матч өткізуі тиіс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×