Фарер аралдары Әлем Чемпионатына шығуы мүмкін. Келесі айда Қазақстан осы құрамамен жолдастық кездесу өткізеді

13.10.2025, 09:31

Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы матч ӘЧ-2026 іріктеуі аяқталған соң болады деп жоспарланған.

Фарер аралдары Әлем Чемпионатына шығуы мүмкін. Келесі айда Қазақстан осы құрамамен жолдастық кездесу өткізеді
Фарер аралдарының футболшылары голдарын тойлауда

Квалификацияның соңғы кездесуінде біздің команда Бельгияға қарсы тұрады. Жалпы УЕФА талабынай сай ұйымдағы елдер жылына 10 жолдастық кездесу өткізуге міндетті - Қазақстан әзірге ондай сегіз матчта өнер көрсетті. Соңғысында Беларусь құрамасынан 1:4 болып ұтылған еді. 

Ал Фарер аралдары ӘЧ-2026 іріктеуінде L тобында 12 ұпаймен үшінші орында келеді. Екінші тұрған Чехиядан бір ұпайы кем. Кеше аралдықтар тікелей бәсекелесін сенсациялық түрде ұтып кеткен еді 2:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×