Фарер аралдарының футболына УЕФА тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп келеді

2002 жылдан бері кішкентай архипелагтың спорттық нысандарына 106 млн еуро жұмсалыпты.

Фарер аралдарының футболына УЕФА тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп келеді

Фарер ұлттық құрамасы - әлемдік футбол географиясында ең кішкентай ел болып саналады. Мұнда бар-жоғы 50 мың адам ғана өмір сүруде. Алайда нәпақасын балық аулаумен тауып отырған елдің футболға деген сүйіспеншілігі жыл санап артып келеді. Оған УЕФА қауымдастығының септігі зор. Футболдағы ірі ұйымдардың бірі Фарер аралдарына Hat-trick жобасы арқылы осы уақытқа дейін 106 млн еуро инвестиция жасаған. Қомақты қаражаттың арқасында Фарер аралдары 7 мың адамды сыйдыратын “Торсвеллур” стадионын салып алды. Жаңа спорттық нысан ел тұрғындарының қолайлы жағдайда футбол көруіне жол ашты. Одан тағысы Фарер тұрғындарының арасында футболмен шұғылданатын спортшылар үлесін 10 пайыздан 13 пайызға көбейтті. Қазірде 50 мың адамның 7-мыңға жуығы өмірін футбол спортымен байланыстырып келеді. 

Елдің футбол Федерациясы да УЕФА-ға қол жайып отыра бермей ірі кәсіпкерлік компаниямен келісімге келді. Мәселен, Bakkafrost балық өнімдерін шығаратын зауыт жыл сайын ел құрамасының керек-жарақтарына қаражат аударып келеді. Алдағы уақытта компания Фарердің жастар құрамасына да демеуші болады. Сол арқылы кішкентай мемлекет футболына жыл сайын 1 млн еуро ақша аударып отырады.

Даму барысында ілгері қадам басқан Фарер құрамасы осы жылы өз деңгейінен жоғары өнер көрсетті. Команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының соңғы турына дейін мундиальға жолдама алуына мүмкіндігі болды. Алайда 50 мың тұрғынның сеніміне Чехия мемлекеті селкеу түсірді. Олар Фарердің алдын орап кетті. Бірақ не дегенмен жергілікті бапкер Эйдун Клакстейннің баптауында аралдар командасы Еуропада өз есімін бір естіртті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×