Фаворит екені даусыз?! Танымал портал «Копенгаген» - «Қайрат» кездесуіне болжам берді

25.11.2025, 12:26

Ресейлік «ФНК» сайты ЧЛ 5-турының аясында болатын «Копенгаген» - «Қайрат» матчына тоқталып, қарсыластардың мүмкіндігін бағалады.

Фаворит екені даусыз?! Танымал портал «Копенгаген» - «Қайрат» кездесуіне болжам берді
"Копенгаген" футболшылары

Бұл бәсеке ертең 22:45-те басталады.

«Копенгаген» Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кезеңнің төрт турының үшеуінде ұтылып, тек өз алаңында «Байермен» тең тарқасып сәтсіз өткізді. Лондондық «Тоттенхэмнен» ойсырай ұтылғаннан кейін даниялық алпауыт команда ішкі біріншілікте «Вайледен» есе жіберді. Ал бірнеше күн бұрын «Бренбюден» басым түсіп, сол сәтсіздіктерді жуып-шайғандай болды.

«Қайратты» дәл қазір ЧЛ-ның сенсациясы деуге келмейді, әйтсе де, позитивті сәттері де жоқ емес. Мысалы, жақында миландық «Интерге» қарсы өткен кездесуде Қазақстан чемпиондары гол соғып қоймай, тең нәтижеге аз қалған еді. Ал «Пафосқа» қарсы өзінің алаңындағы ойында, бір қарағанда оңай көрінгенімен де қиын кездесуде бір ұпайды еншілей алған болатын. «Копенгагеннің» ойынын керемет деуге келмейді, десе де, алаң иелерінің фаворит екені даусыз. Әйтсе де, «Қайрат» даниялық қарсыласына тегеурінді қарсылық танытып, голды оңайлықпен жібермейді деп күтеміз», - делінген материалда.  

Әзірге қос команда бір-бір ұпаймен 33-34 орындарға қатар жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×