Фавориттер додасы енді басталмақ

19.06.2012, 10:12
Фавориттер додасы енді басталмақ

Еуропа біріншілігі осы күні ең талқыға түсіп отырған тақырыптың біріне айналды. Спорттық тұрғыдан бөлек те футболды саяси ойынға айналдырып жүргендер де табылуда. Бірі наразылық шерулер мен саяси іс-шаралар жасап жатса, Испания құрамасының ойыншылары Тимощенко түрмеден шығарылмаса финалдық кездесуде алаңға шықпай қоямыз деп қорқытуда. Бір сөзбен айтқанда Польша мен Украина әлем назарында.

Дүбірлі доп додасындағы алғашқы бүлікті орыс жанкүйерлері бастады. Ресей құрама командасы орналасқан «Бристоль» қонақ үйінің алдында Польша жанкүйерлері кезінде Смоленск қаласының маңында тікұшақтың құлауына байланысты қаза тапқан саясаткерлерді еске алу шеруін жасады. Бұл шараны орыс жанкүйерлері Ресей құрама командасының ойыншыларына тыныштық бермеу үшін жасалынған шара деп қабылдап, жергілікті жанкүйерлермен қақтығысқа барды. Тура сол күні Польша және ресей арасындағы ойын аяқталғаннан кейін бұл қақтығыс ұшығып, жалғасын таба кетті. Нәтижесінде 30-ға жуық Ресей жанкүйерлері өз елдеріне қайтарылды. Жалпы, ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше осы турнирдегі ең тәртіпсіз деп Ресей жанкүйерлері танылғанын айтуда. Енді футболды саяси мақсатта пайдаланып жатқандар жайында айта кетсек. Теңбілдоп жарысын өз мақсаттарында пайдаланып қалғысы келгендердің ішінде Германия канцлері Ангела Меркель де бар. Ол өз мәлімдемесінде Юлия Тимощенконың абақтыдан босатылуын талап етуде. Әйтпесе Германия құрама командасының ойыншылары турнирде футбол сәнін құртатын қадамға баруы ықтимал деп қорқытуда. Бірақ УЕФА тарапы да, Украина мемлекетінің билігі де әзірге үнсіз. Ал футболдың өзіне тоқталар болсақ, басты фавориттердің бірі Голландия құрама командасы жарыстан шығып қалды. «Өлім тобынан» тірі шыққан тек Германия мен Португалия құрамалары. Сонымен қатар, ширек финалға жолдама алғандар қатарына Чехия мен Грекия командалары да қосылды. Голландия құрамасымен қатар доданың басты фавориті болып бағаланған Испания құрамасы Италиямен қосақтасып топтан шықты. Және бұл арада да кішігірім ойын саудасына байланысты дау дамай да шықты. Соңғы ойында Испания мен Хорватия командалары 2:2 есебімен тең түскенде онда екі команда да келесі кезеңге ойланбастан өтіп, Италияны жарыстан шығарып тастаушы еді. Осыған байланысты не түрлі сыбыстар шыққаннан кейін италиялық тарап, егер есеп тура солай аяқталар болса бұл «істі» аяқсыз қалдырмаймыз деп ескерту де жасап тастады. Әрине жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Баспасөз бетінде өріп жүрген «келісім матчы» аталған жағдайдан соң басқаша өрбіді. Ол кездесуде Испания Хорватияны 1:0 есебімен жеңіп кетті. Жарыс күнтізбесі
1/4 ФИНАЛ:

25

21.06

22:45

Чехия

vs

 Португалия  Варшава

26

22.06

22:45

Германия

vs

 Греция  Гданьск

27

23.06

22:45

Испания

vs

2D  Донецк

28

24.06

22:45

1D

vs

 Италия  Киев
 1/2 ФИНАЛ:

29

27.06

22:45

Жеңімпаз 25

vs

Жеңімпаз 27  Донецк

30

28.06

22:45

Жеңімпаз 26

vs

Жеңімпаз 28  Варшава
 ФИНАЛ:

31

01.07

22:45

Жеңімпаз 29

vs

Жеңімпаз 30  Киев
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Росицки Чехияға кетті
×