4-7 шілде күндері Қазақстан чемпионатының 15-туры өтті. Турнирдің бас жағындағы «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе», «Тобыл» клубтары өз жеңістерінің арқасында өзгелерден алшақтай түсті.
Қандай жайттар тіркелді?
- 7 матчта 21 гол соғылды.
- 29 сары қағаз көрсетіліп, 3 футболшы алаңнан қуылды.
⁃ 15-тур ойындарын 32 437 адам стадионнан тамашалады.
⁃ Ең көп 11 500 жанкүйер «Ақтөбе» - «Атырау» ойынын тамашалады.
⁃ 15-турда 213 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 126 отандық футболшы (негізгі құрамда 81 ойыншы, қосалқы құрамнан 45 ойыншы) доп тепті.
⁃ «Тұран» 7 ойын бойы қарсыластарына есе жіберіп келеді.
⁃ «Ордабасы» 9 ойыншымен сырт алаңда бір тайм бойы гол жібермей, тең түсті.
⁃ «Ұлытау» клубының түздегі кейінгі 3 ойында да бір футболшысы алаңнан қуылып отырған.
⁃ «Жеңіс» 2 айдан бері өз алаңында ешкімге жеңілмей келеді (3 жеңіс, 2 тең).
⁃ «Тобылдың» жеңіліссіз сериясы 10 матчқа жалғасып жатыр.
⁃ «Жетісу» кейінгі 3 ойын бойы «Астана» қақпасына гол кіргізе алмады.
Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?
Қазақстан - 10
Автогол - 2
Гаити - 2
Бразилия - 1
Сербия - 1
Черногория - 1
Албания - 1
Марокко - 1
Нигерия - 1
Португалия - 1
Матчтардың нәтижесі:
«Қайрат» – «Тұран» – 4:0
«Жеңіс» – «Ұлытау» – 2:0
«Қызылжар» – «Ордабасы» – 0:0
«Ақтөбе» – «Атырау» – 2:0
«Елімай» – «Тобыл» – 2:3
«Жетісу» – «Астана» – 0:2
«Оқжетпес» – «Қайсар» – 4:2