Португалияда тұратын, футболдан қазақ балаларының дамуына үлес қосып жүрген Фазылбек Әбсаттаров Португалия федерациясының 100 жылдық төсбелгісін иеленді.
Астана қаласындағы қарапайым аула футболын әуесқой командаға айналдыра білген, 2014 жылы «Арландар» футбол клубының негізін қалаған Фазылбек қазіргі сәтте Португалияда “Брагалона” футбол клубының құрылтайшысы қызметін атқарады. 6000 шақырым жырақта тұрса да, ол қазақ балаларынан қарым-қатынасын үзіп қалмады. Тұрақты түрде еліміздің балалары Португалияға барып, тәжірибе жинақтайды. Маусым айының соңында ғана «Арландар» футбол клубының 10 жасқа дейінгі футболшылары кәрі құрлыққа аттанып кетіп еді. Қазіргі сәтте балалар 50 мемлекеттен қатысып жатқан Ibercup шетелдік турнирінен бөлек, Лиссабон мұражайымен де таныс болып жатыр. Бұл мұражайда қазақтың жас ойыншылары Португалияның жарық жұлдызы Криштиану Роналдудың дебютімен таныс болды. Бір ерекшелігі – Криштианудың ұлттық құрамадағы дебюті 2003 жылы Қазақстанға қарсы жолдастық ойында тіркелген болатын.