ҚФФ бас хатшысы Давид Лория Қазақстан командасын тізгіндейді деп күтілген Михал Пробеж жайында сөз қылды.
Федерация өкілі Sport Pulse басылымына берген сұқбатында поляк маманының ел құрамасымен әлі келісімге келмегенін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ өкілдері Қазақстан құрамасына үш кандидат қарастырылып жатқанын жазған болатын. Атап айтсақ, Массимо Каррера, Андерссон Янне Олоф және Михал Пробеж. Алайда поляк маманының алдында аталған қос есім бізбен қызмет жасауға келісімін бермеген. Соңғы үміткер болып қалған Михал Пробежді біздің сайтта Қазақстан бапкері болады деп ақпарат таратты.