Испанияның «Реал Мадрид» командасының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде әуежайдағы жанкүйерлерге қатысты ойын білдірді.
- Алматыда «Реал Мадридтің» жанкүйерлері көп екені қуантты. Қазақстаннан қанша шалғай орналасса да, бұл елдегі жанкүйерлердің болуы футбол үшін керемет көрініс. Түн ортасында келсек те, жергілікті тұрғындар көп жиналды. Бірақ таңғалдым деп айта алмаймын. Себебі, біз үшін қалыпты жағдай, - деді ол.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады.