"Спартак" командасының қожайыны Леонид Федун вирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. 64 жастағы Федунның жағдайы не болары белгісіз. "Спартак" фанаттары қатты алаңдаулы. Леонид осы жақында ғана "Ресей чемпионатын тура осылай аяқтауымыз керек" деп бастама көтерді. Сосын Ресейдегі вируспен күреске 10 миллион рубль қаржы бөліп еді. Енді міне, өзі де жұқтырып алыпты.
"Лукойл" компаниясының вице-президенті Ресейдегі 200 ауқатты адамның қатарына кіреді. "Форбс" журналының мәліметі бойынша оның байлығы шамамен 6 миллиард долларды құрайды.
Біздің серіктес: FONBET