Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, түркиялық «Фенербахченің» 18 жастағы қорғаушысы Микаэль Асқаров Қазақстан жастар (U21) құрамасының «Antalya Cup-2021» халықаралық турнирінің алдағы ойындарына шақырту алды.
Асқаров «Фенербахче U-19» командасында сол қапталда өнер көрсетеді. Ол сондай-ақ негізгі командада да бақ сынап көрген.
Микаэль Асқаров Шымкентте дүниеге келіп, 2011 жылға дейін сол жерде өмір сүрген. Содан кейін жанұясымен бірге Түркияға көшіп кетті, бірақ Асқаровта тек Қазақстан азаматтығы бар. 2018 жылы Микаэль Қазақстан жастар құрамасы сапында жолдастық кездесуге қатысқан болатын.
«Antalya Cup-2021» турниріне дайындық аясында жастарымыз 21-31 наурыз аралығында Алматы мен Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері турнир барысында Солтүстік Македония, Болгария және Өзбекстан құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET