Андрей Ферапонтов "Оқжетпестің" сенсациясының сырын ашты, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Оқжетпес" командасының табысы туралы команданың бас бапкері Андрей Ферапонтов Aman Vibe YouTube-каналында айтып берді.
Ферапонтовтың айтуынша, қазіргі жетістіктер бір жылдағы кездейсоқ нәтиже емес, бірнеше маусым бойы жүйелі түрде дайындалған нәтижелердің жемісі.
"Біз команданы тек биыл құрастырған жоқпыз. Бұған дейінгі маусымдардан бастап, негізгі міндеттерге бағыттап жетеледік. Бәрі Бірінші лига кезеңінен басталды, сол кезде клуб ауыр қаржылық жағдайға тап болды, тіпті жабылу қаупі болған." — деді маман.
Оның сөзінше, клубты сақтап қалу және ойыншылар құрамын жоспарлы түрде жинау жұмыстары өткен жылдан басталған.
"Кейде соңғы жаттығу жиынында ойыншыларды қалған мүмкіндіктер бойынша таңдағанымыз рас, бірақ басты мақсат – Премьер лигаға оралу еді. Барлық жұмыстарды аз шығын, минималды бюджет және төмен жалақымен орындадық.” – деді Ферапонтов.
Нәтижесінде, өткен маусымда "Оқжетпес” 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орынға ие болды.